Қолданушы келісімі


Сіз “Орыс тіліндегі білім” порталында тіркеліп және портал арқылы қамтамасыз етілген қызметтерді пайдалана отырып Қолданушы Келісімнің шарттарымен қандай да бір шектеулерсіз толықтай келісесіз. Осы шарттармен келіспеген жағдайда Қолданушы “Орыс тіліндегі білім” порталын пайдаланудан бас тартуы керек.

1. «Орыс тілінде білім беру» порталы туралы ақпарат
1.1 «Орыс тілінде білім беру»порталы орыс тілін қашықтықтан оқыту платформасын, орыс тілінде білім беретін оқытушылардың біліктілігін қашықтықта арттыру жүйесін, әртүрлі жастағы адамдар үшін орыс тіліндегі онлайн курстардың жүйесін, орыс тілін үйренушілердің порталды пайдаланушылар арасындағы тақырыптық қарым-қатынасқа арналған әлеуметтік желілерді біріктіру мақсатында құрылған.
1.2 “Орыс тіліндегі білім” порталы келесі қызметтерді ұсынады:
1.2.1 “А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының” қызметі туралы акпарат, Ресей Федерациясындағы білім беру жүйесі туралы ақпарат, орыс тілін зерттеу саласындағы жаңалықтар мен шаралар туралы ақпарат беру;
1.2.2 Түрлі санаттағы қолданушыларға орыс тілін қашықтықта оқыту;
1.2.3 Орыс тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;
1.2.4 Әрбір адам үшін орыс тілінің білім деңгейін анықтау;
1.4 “Орыс тіліндегі білім” порталы Ғаламтор жаһандық желісіндегіwww.pushkininstitute.ru. мекен-жайында орналысқан.
1.5 “Орыс тіліндегі білім” порталы орналасқан сайттың иесі мен әкімшілігі болып Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша құрылған“ А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты” (әрі қарай – Институт) жоғары білім берудің Федералды мемлекеттік білім беру мекемесі табылады.

2. Жалпы ережелер
2.1 Ғаламтор (әрі қарай – Қолданушы) арқылы “Орыс тіліндегі білім” порталына қолжетімділікті беретін Институт адамдарға Қолданушы келiсiмінде баяндалған шарттар бойынша Порталдың қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
2.2.Осы қолданушы келісімінің іс-әрекеті “Орыс тіліндегі білім” порталында барлық ақпараттарға, материалдарға, қызметтерге, “Орыс тіліндегі білім” порталында жарияланатын келесі түрлендірулерге, сонымен қатар Қолданушы “Орыс тіліндегі білім” порталын қолдану кезінде жарияланғанақпараттар, материалдар, қызметтер және “Орыс тіліндегі білім” порталында болашақта жарияланатынақпараттарға, материалдарға, қызметтерге таралады.
2.2 Институт пен Қолданушы (әрі қарай – Жақтар, Жақ) арасындағы қарым-қатынас Институттың қосымша құжаттарымен реттелуі мүмкін. Осындай қосымша құжаттардың пайдалануы Қолданушы Келісімінің қолданылуын өзгертпейді.
2.3 «Орыс тілінде білім беру»порталы ақы төленетін ақпаратты ұсынады. Институт пен Қолданушы арасындағы ақы төленетін ақпаратты ұсыну туралы қарым-қатынастар “А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты” жоғары білім берудің Федералды мемлекеттік білім беру мекемесі мен Қолданушы арасында орнатылатын жеке келісімшартпен реттеледі.
2.4 Қолданушы келісімі Қолданушы нақты ескертуінсіз Институт арқылы өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін. Қолданушы Келісімінің жаңа нұсқасы көзделмесе, Қолданушы Келісімінің жаңа нұсқасы 1.4 тармағында берілген мекен-жайы бойынша Ғаламторда орналасқан күннен бастап күшiне енедi. Қолданушы Келісімінің өзгеруінен кейін «Орыс тілінде білім беру»порталын қолдану үшін Қолданушы осы өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келіскенін білдіреді. Егер де Қолданушы Қолданушы келісімін сақтауға келіспесе, ол “Орыс тіліндегі білім” порталындағы қызметтерді қолдануды тоқтатуы керек.

3. Қолданушының тіркелу және тіркелу жазбасы
3.1 “Орыс тіліндегі білім” порталының қызметін қолдану үшін, Қолданышуға тіркелу қажет, нәтижесінде қолданушыға бірегей тіркелу жазбасы ашылып және арнайы “Орыс тіліндегі білім” порталына кіретін логин мен құпия сөзжасалады.
3.2 Тіркелу формасында ұсынылғанҚолданышуға қойылған сұрақтарға міндетті түрде өзі туралы тиянақты және толық ақпарат беріп және бұл ақпаратты актуалды түрде қолдау керек. Егер Қолданушы өзі жайлы қате ақпарат беріп немесе Институт көрсетілген талаптарды орындамаса, Институт өз заңдарына сәйкес Қолданушының тіркелу жазбасын жойып, шек қойып, “Орыс тіліндегі білім” порталына кіруге рұқсат етпейді.
3.3 Тіркелу барысында институттың жеке Қолданушылар туралы мәліметтерді кез келген уақытта талап етіп, Қолданушылардың жеке ақпаратын кез-келген уақытта сұрауға құқығы бар, осыған орайҚолданушының өзін растайтын құжатын талап етеді.
3.4 Тіркеудегі Қолданушының жеке мәліметтері жеке мәліметтерді қорғау (дербес деректер саясаты) және құпиялық саясат туралы ережеталаптарына сәйкес сақталады және өңделеді.
3.5 Тіркелу барысында Қолданушы тіркелу жазбасына кіру үшін өзіне жеке логин (Қолданушының ерекше символды тіркелу жазбасы)мен құпия сөзді таңдайды. Егер сіз таңдаған логин қолданыста болған жағдайда институттың сізге шектеу қоюға құқығы бар.Сонымен қатар институт логин мен құпия сөз орнатуға талаптар қоя алады(ұзындық,жарамды таңбалар т.б).
3.6 Қолданушының өзінің логині мен құпия сөзін бөгде адамдарға беруіне тиым салынады және ол өзінің логині мен құпия сөзінінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өз жауапкершілігіне алады,сонымен қатар “Орыс тіліндегі білім” порталында Қолданушының әрбір алған әсері өзінің тіркелу жазбасында болады.
3.7 Қолданушы“Орыс тіліндегі білім” порталына рұқсатсыз кіру туралы және/немесе логин мен құпия сөздің бұзылуытуралы институтқа дереу хабарлауға міндетті. Қауіпсіздік үшін Қолданушы «Орыс тілінде білім беру» порталында жұмысын аяқтағаннан кейін «Шығу» тетігін міндетті түрде басуы керек. Институт мәліметтердің жоғалуы немесе бұзылуына, сондай-ақ Қолданушы келісімінде Қолданушыға қатысты болатын кез-келген жағдайларға жауапты болмайды.
3.8 Институт Қолданушының жеке парақшасын жоюға немесе бұғаттауға, әрі порталдағы кейбір қызмет түрлерін қолдануды шектеуге, сонымен қатар, Қолданушы келісімінде қарастырылған шарттар бұзылғанда ке-келген ақпаратты себепсіз жоюға құқығы бар.
3.9 Қолданушы келісім шарттарын қабылдай отырып, Қолданушы өзінің компьютерінің минималды жүйелі талаптарға сай болуын, әрі компьютерде Internet Explorer 10+, Mozilla Firefox 15+, Google Chrome 30+, Safari 8+браузерлердің біреуі мен Adobe Flash Player орнатылғандығын растайды.
4. “Орыс тілінде білім беру” порталын қолдану шарттары
4.1 Институттың “Орыс тіліндегі білім” порталында ақпаратты, мәлімет пен қызметтерді енгізуге, ақпаратты, материал мен қызметтерді өзгертуге және жоюға құқығы бар.
4.2 Институттың Қолданушымен келісімсіз “Орыс тіліндегі білім” порталын өз көзқарасымен түрлендіруге, порталдың дизайнын, қызмет көрсету шарттарын өзгертуге, енгізуге және сол шарттарды жоюға және осы айтылған жұмыстар орындалғанда порталға қолжетімділікті жоюға құқығы бар. “Орыс тіліндегі білім” порталына кіру белгілі уақытқа өшірілген жағдайда(6 сағаттан астам), Институт Қолданушыныпорталға кіруге мүмкіндік туғанда хабардар етеді.
4.3 Институт ақпараттық хаттарды Қолданушы көрсеткен электрондық пошталарға Қолданушының рұқсатымен жіберуге құқықты.
4.4 Қолданушы өзінің ғаламторға кіру мүмкіндігі мен трафик ақысын төлеуін қамтамасыз етуге міндетті.
4.5 Қоланушы порталды өзінің жеке коммерциялық мақсаттарымен қолданбауға кепілдік береді.
4.6 Қолданушы үшінші жақтардың алдында “Орыс тіліндегі білім” порталын қолдануға байланысты өз іс-әрекеттер үшін, соның ішінде, егер оның іс-әрекеттері үшінші жақтардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкелсе жауапты. Сонымен қатар, қолданушы “Орыс тіліндегі білім” порталын қолдануда халықаралық құқық нормалары мензаңның сақталуына жауапты.
5.Қолданушының материалдары. Үшінші жақтардың материалдары
5.1 “Орыс тіліндегі білім” порталының қызметтері мен шарттарын қолданғанда, Қолданушы өз шығарған мәліметтерін Порталға орналастыраалады. Бұл жағдайда, Қолданушы өзі жасаған материалдардың интеллектуалды құқықтарына, оның ішінде, материалдардың мазмұны РФ заңнамасына, халықаралық құқықтардың нормаларынасай екендігіне, үшінші жақтың алдындағы жауапкершілікті қоса алғандажауапты.
5.2 Қолданушы өз мәліметтерін сайтқа жіберген кезде, басқа қолданушыларға жеке коммерциясыз мақсатпен мәліметтерді портал ішінде қолдануға аздаған құқық береді.
5.3 Институт Қолданушының материалдарының орналастыруын келіспеуге, қазіргі РФ заңнамасын, халықаралық құқықтардың нормаларын және үшінші жақтардың интеллектуалды құқтарын бұзатын материалдарды жоюға құқықты.
5.4 “Орыс тілінде білім беру” Порталының қызметтері мен сервистерін қолдана отырып, Қолданушы мұғалімдердің, басқа қолданушылардың және/немесе үшінші жақтардың материалдарына, оларды қолдануға мүмкіндік алады. Институт порталға жіберілген құқық бұзылатын жалған ақпарат пен мәлімет үшін жауап бермейді.
5.5 “Орыс тіліндегі білім” порталы басқа веб-сайттардын гипермәтіндік ресурстары бар сілтемелеріне бағынышты, сонымен қатар әкімшілік ақпараттар мен материалдарға, оларды басқа веб-сайттарға орналастыруға жауап бермейді. Институт басқа веб-сайттарға кіре алу кепілдігіне және олар үшін жауапкершілік алмайды.
5.6 “Орыс тіліндегі білім” порталына ауыстырылган басқа веб-сайттардың сілтемелері тауарлар, қызмет, сервис, ақпараттар веб-сайтқа деген ұсыныстар болып табылмайды. Себебі институт қандай да бір жауапкершілікті өзіне алмайды және жарнамамен ешқандай байланысы жоқ.
6. «Орыс тілінде білім беру» порталының қолданысындағы шектеулер
6.1 Қолданушы “Орыс тіліндегі білім” порталынанмәліметтерді көшірме жасауға, жүктеуге, сақтауға, “Орыс тіліндегі білім” Порталында таратылған материалдар мен ақпараттарды түрлендіруге құқығы жоқ.
6.2 Қолданушы егер бұл қызмет осы “Орыс тіліндегі білім” Порталындатікелей қарастырылған болса немесе қызметке сай келсепорталдан мәліметтерді көшірме жасай, жүктей, сақтай алмайды.
6.3 Қолданушы “Орыс тіліндегі білім”Порталын мынандай жағдайларда қолданыла алмайды:
  • Заң жүзінде қарастырылмаған болсанемесе басқа келісімдер негізінде қарастырылмаған болса, ауыстыру, көшіріп алу, басқа біреуге жіберу, мазмұнын және ақпаратты алмастыруға болмайды.
  • Зиянды, заңсыз, үшінші жақтардың құқықтарын бұзатын жағдайларда; зорлық, қаталдық, өшпенділік және/немесе тіл, дін, жас, жыныстық, қоғамдық кемсітушіліктерді насихаттайды; нақты адам, мекеме, өкімет мүшелер туралы жалған қорлау және/немесе ақпараттар бар болған жағдайда; порнография, балалар сезгіштік элементтері бар болған жағдайда; есірткілер, қару, басқа заңмен тыйым салынған заттарды жасау, қолдану көрсетілген жағдайларда мәліметтерді орынынан ауыстыруға, көшіріп алуға, басқа біреуге жіберуге, мазмұнын және ақпаратты алмастыра алмайды.
  • Жарнамалық ақпараттарды, спамдарды және көпдеңгейлі маркетингтерді порталдың басқа Қолданушыларына жеке хат түрінде жіберуге болмайды;
  • Компьютерді, логин, құпия сөзді бұзатын кез-келген тәсілмен жүйеге кіретін құрамында вирустары бар материалдарды, компьютерлік кодтарды, файлдар мен бағдарламаларды жіберуге, сақтауға, орынын ауыстыруға болмайды.
  • Порталдан алынған ақпараттарды коммерциялық қызметке, пайда табу үшін, заңға қарсы қолдану үшін пайдалануға болмайды;
  • үшінші тұлғалардың дербес деректерін олардың келісімсіз “Орыс тіліндегі білім” порталына орналастыруға болмайды.
6.4 Белгіленген тиымға қарамастан, Қолданушы "“Орыс тіліндегі білім” порталды пайдалану кезінде жарнамалық, қорлайтын немесе әдепсіз сипаттағы ақпараты бар материалдарды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қолданылатын құқық және/немесе мүдделерін бұзатын өзге де нысандағы материалдарды ала алады. Бұл жағдайда, сондай-ақ, “Орыс тіліндегі білім” порталын және оның қызметтерін қолданғанда Қолданушының құқықтары және/немесе мүдделері бұзылған жағдайда, оның ішінде басқа Қолданушылардың заңсыз материалдарды орналастыру, басқа пайданушылардың заңсыз мәлімет жіберген жағдайда, support@pushkin.institute адресіне барлық болған құқық бұзушылықтың баяндамасымен және “Орыс тіліндегі білім” порталының ғаламтор парақшасына, Қолданушының құқығы және/немесе мүдделерін бұзатын материалы бар, гипертекстік сілтемесімен жазбаша хабарлама жіберу жолымен хабардар ету керек.
6.5 Қолданушыға “Орыс тіліндегі білім” порталының жұмыс істеу қабілеттілігін және оның қызметтерін бұзуға тыйым салынады.
6.6 Қолданушы өзін басқа адам ретінде немесе жеткілікті құқықтарсыз ұйым және/немесе қоғамдастықтың өкілі ретінде, соның ішінде “А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты”жоғары білім берудің Федералды мемлекеттік білім беру мекемесінің және өңірлік орталықтарының қызметкерлері, форумдардың модераторлары ретінде көрсетуге құқықсыз, сондай-ақ желідегі басқа заңсыз өкілдіктің кез-келген тәсілдерін қолдануға, Қолданушылар мен Институтты өзінің пайдасы үшін қандай да бір субьектілер мен объектілердің қасиеттері мен сипаттарына қатысты адастыруға құқы жоқ.
6.7 Институттың кез келген мәлеметті “Орыс тіліндегі білім” порталынан себепсіз жоюға, уақытша тоқтатуға құқығы бар
7. “Орыс тіліндегі білім” порталындағы айрықшақұқықтар
7.1 “Орыс тіліндегі білім” порталы арқылы қолжетімді объектілер, соның ішінде дизайн элементтері, мәтіндер, оқу мәліметтері, графикалық бейнелер, таратпалар, видео, аудио, бағдарламалар, ақпарат базасы, курстар және т.б. “А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты”жоғары білім берудің Федералды мемлекеттік білім беру мекемесінің, өзге құқығы бар адамдардың жеке құқық объектісі болып табылады.
7.2 “Орыс тіліндегі білім” порталының Қолданушы келісіміндегі 7.1 пунктынде барлық мәліметтері және “Орыс тіліндегі білім” порталының өзге элементтерінің қолдануы тек функционалдың аясында жүзеге асады. "Орыс тілінде білім беру" порталының мазмұнынынаешқандай элементтің, сондай-ақ сол порталда орналастырылған контентті Институттың рұқсатынсыз қолдануға тиым салынады.
7.3 Қолданушының “Орыс тіліндегі білім” порталының мазмұнын және қызметтерін пайдалануда, сонымен қатар, жеке коммерциясыз мақсатта пайдаланғанкез келген материалдардаавтор құқықтарының толықтай сақталуы, тауар белгісі, тауар атауының сақталуы, тауар атауының авторы мен тауарға құқығы бар азаматтардың сәйкес объектісінің өзгеріссіз түрде сақталғанда ғана қолдана алады. Бұзылған жағдайда тиісті заңнама қолданылады.
7.4. “Орыс тіліндегі білім” Портал материалдарының дәйексөзін қарастырсақ, Қолданушы“Орыс тіліндегі білім” Порталына сілтеме беруге міндеттеледі.

8. Кепілдіктердің жоқтығы. Жауапкершілік
8.1. “Орыс тіліндегі білім” Порталында қателік жоқтығына Институт кепілдік бермейді,сонымен қатар, “Орыс тіліндегі білім” Порталын қолдағаннан кейін шығып қалған қателер мен түзетулерден, ғаламтордың жүйесінің жұмысынан пайда болған толық қызмет алмау, мүмкіндіктер қолданбау, ақпарат жоғалту сияқты тікелей және жанама шығындарға ешқандай жауапкершілік алмайды.
8.2. “Орыс тіліндегі білім” Порталы Қолданушының талаптарына сай болатындығына;“Орыс тіліндегі білім” Порталын қолданғаннан алынған нәтижелер дәл және сенімді болғанына; “Орыс тіліндегі білім” Порталын қолданғаннан алынған кез келген өнім, қызмет, ақпарат және текшелетін материалдардың сапасы Қолданушының күткеніндей болуына Институт кепілдік бермейді; Сонымен қатар, “Орыс тіліндегі білім” Порталының Қолданушының бірегей бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдық конфигурациясымен бірлескен жұмысына кепілдік берілмейді.
8.3 Портал қызметтері арқылы алынған кез келген ақпараттар мен/немесе материалдар қолданысынан пайда болған салдарғдыңҚолданушылардың немесе үшінші тараптың компьютеріне залал келсе, ақпарат жоғалту және басқа да залалдар болса оған Қолданушы тек өзі ғана жауапты болады.
8.4. ОсыҚолданушы келісімінқасақана немесе абайсыздана бұзған кез келген жағдайда және басқа Қолданушыны“А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты”жоғары білім берудің Федералды мемлекеттік білім беру мекемесінің шартының сөйлесіміне рұқсатсыз кірудің нәтижесінде Қолданушы шеге алатын кез келген шығындарға өтемақы болмайды.
8.5. “Орыс тіліндегі білім” Порталымен жұмыс істегенде еңсерілмейтін күштер және телекоммуникациялық, компьютерлік, электрлік және басқа да жүйе ақауларынан пайда болатын қателер немесе кідірулер үшін Институт жауап бермейді.
8.6. Порталдың тиісті жұмыс істеуіне Қолданушыда “Орыс тіліндегі білім” Порталын қолдануға қажетті техникалық және бағдарламалық құралдар жоқ болса, онымен қамтамасыз етуге Институт ешқандай жауапты болмайды және құралдармен қамтамасыз етуге міндеттелмейді.
8.7. Қолданушы“Орыс тіліндегі білім” Порталындағы ақпараттарды қолдануда немесе авторлық құқықтың тіркелуімен және тіркеу туралы ақпаратпен сыртқы ресурстарға сілтеме жасағанда, тауарлар мен қызметтердің, Қолданушының басқа байданыстарынан түскен ресурстардың немесе сыртқы желілерден алынған ақпараттардың себебінен кез-келген жоғалуы мүмкін немесе жоғалған және Порталдың кез-келген мазмұнына қатысты жанама залалдарға Институт Қоданушы алдында жауапкершілікті алмайды.

9. Қолданушы келісімінің шарттарын бұзу
9.1. Қолданушы келісімінің шарттарын және/немесе РФ заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда, Институт Қолданушының тіркеу парақшасын толықтай бұғаттауға, “Орыс тіліндегі білім” Порталының қызметтерін тоқтатуға және шектеуге құқылы.
9.2. ОсыҚолданушы келісімінің немесе “Орыс тіліндегі білім” Порталын қолданушарттары бар басқа да құжаттың кез келген ережесін техникалық ақаулар немесе мәселелер себеніненҚолданушы бұзса, “Орыс тіліндегі білім” Порталының жұмысы тоқталғаны үшін ИнститутҚолданушыалдында немесе үшінші тараптар алдында жауапкершілік алмайды.

10. Басқа да ережелер
10.1. ОсыҚолданушы келісімі Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Қолданушы келісімінде қарастырылмаған сұрақтар Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес шешіледі. Шынайы келісіммен реттелетін қарым-қатынастардан пайда болатын барлық даулар Ресей Федерациясының заңнамасына белгіленген тәртіп бойынша шешіледі. Осы Қолданушыкелісімінің мәтінінде барлық жерінде егер анық айтылмаса, «заңнама» термині Ресей Федерациясының заңнамасын білдіреді.
10.2. Осы Қолданушыкелісімнің қандай да бір ережесі жарамсыз және заңдық күші жоқ деп танылған жағдайда бұл Қолданушы келісіміндегі қалған басқа ережелердің шындығына, қолданысына және заңдық міндетіне әсер етпейді.
10.3. Қолданушы Осы Қолданушыкелісімінің шарттарын бұзған жағдайда “Орыс тіліндегі білім” Порталындағысақталған материалдардың авторлық құқықтарын заңнамаға сәйкес қорғау үшін Институт өзінің мүдделерін қорғау шаралар қолдануға Институт жағынан әрекетсіздігі кедергі жасамайды.